Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты сұрақ қойғандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram-парақшасында "сұрақ-жауап" айдарында әкесі туралы қойылған бірер сұраққа жауап берді. Ол әкесімен кездескенін айтты.
Оқырмандарының бірі одан әкесі жайлы сұраған.
"Айс, бәріне, оқырмандарыңа, әкең жайлы ашып айтсаңшы. Бәріміз соны күтеміз", - деп жазған Желі қолданушысы.
Айсәуле оған жауап ретінде мұндай хаттарға енді шыдай алмайтынын айтқан.
"Маған мұндай хат жазатын "мәмбеттерге" енді шыдай алмаймын. Мені Instagram-нан оқымаңыз, өтінемін. Рақмет!" - деп жауап берген ол.
Еске салайық, 12 шілдеде Бақытбек Есентаев бостандыққа шығатыны белгілі болды. Қапшағай қалалық соты 12 шілдеде Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті.
Бұған дейін Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдіріп, осы жағдайдан хайп жасайтын адамдарға ренішін білдірген.
Ол 28 шілдеде бостандыққа шықты. Бұл туралы Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева хабарлады.