Бақытбек Есентаев бостандыққа шыққан сәттің видеосы тарады

Бақытбек Есентаев бостандыққа шыққан сәттің видеосы тарады

Продюсер Баян Мақсатқызының экс-жұбайы Бақытбек Есентаев бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева хабарлады. 

"Құрметті менің тілеулес оқырмандарым, қазір ағатайым шығады санаулы минуттардан кейін. (...) Ағам отырды көлікке, енді бұл жерді өмірі көрсетпесін", - дейді Нағима Есентаева. 

Еске салайық, 12 шілдеде Бақытбек Есентаев бостандыққа шығатыны белгілі болды. Қапшағай қалалық соты 12 шілдеде Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті.

С. Сатыбалдина