Айсәуле Бақытбек әкесінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

Айсәуле Бақытбек әкесінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдіріп, осы жағдайдан хайп жасайтын адамдарға ренішін білдірді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Кеше Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берген. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Есентаевты калониядан қарындасы мен дос-жарандары күтіп алды. 

Күтіп алуға келгендер қатарында қыздары бой көрсетпеді. Шетелде отбасымен демалып жатқан Айсәуле Бақытбекті Instagram оқырмандары әкесінің босап шығуымен құттықтап, оны қарсы алуға неге бармағанын сұрады.

Тіпті кейбір оқырмандар бостандыққа шығуымен құттықтап тіпті пост салмағанына реніштерін білдірді.

"Не үшін жазамын? Бөтен адамдардың қызығушылығын басу үшін бе? Әлде сіз "о, бұл қандай жақсы қыз" деп ойлап, менің өмірімнің мінсіз емес екеніне қуансын деп пе? Не үшін?
Осындай нәрседен хайп жасайтын адамдарды жек көремін. Құдай ондай болудан сақтасын", - деп мәлімдеді Айсәуле.

 

Г. Досымшалова