Шетелдегі тағы бірнеше қалада учаскелер ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Ташкент, Ашхабад, Исламабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.
Сонымен қатар, Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері жұмыс істей бастады.
Айта кетейік, бұған дейін шетелдегі қазақстандықтарда Токио мен Сеулде дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылған болатын.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!