- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қызыққа, сынаққа толы...
"Қызыққа, сынаққа толы махаббат". Кейінгі кезде қызу талқыланған ТОП-5 жұп
Кейінгі 2-3 айда қазақ эстрадасында той көп болды. Жұптар жай той жасап қана қоймай, қызу талқыға түсіп жатты. Себебі оның ішінде күйеуі өзінен бірнеше жас кіші немесе күйеуін жасырып жүгендер де болды.
Ерке мен Райымбек Бақтыгереев
Әнші Райымбек Бақтыгереев пен Ерке Есмаханның ара-қатынасы туралы алғаш биыл қаңтардың ортасында TikTok-та видеолар тарай бастады. Ерке мен Раймның ара-қатынасына "зерттеу" жасалған. "Зерттеуде" Еркенің шетелде демалып жүрген суретінде оның бетінен ұстап тұрған адам Райымбек екені айтылған. Бастапқыда жұлдызды жұп қауесеттерге мән бермей, жауап бермеген еді.
@osektime3 #rek #рек #рекомендации #еркеесмахан #raim #raimartur #райм #раймерке #raimerke #erkeesmahan #az ♬ Дем - RaiM
Артынша Райымбек қауесеттерге нүкте қойып, Еркемен түскен суретін Instagram-да жариялады. Осылайша, Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы қауесеттерді растағандай болған. Алайда әнші ешқандай пікір білдірмеді.
Суретте Ерке мен Райымбек Римдегі Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуінің алдында орналасқан мейрамханада тамақтанып отыр. Еркенің сөзінше, ол Райымбекпен 2018 жылы танысқан. Ерке "бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат" болғанын айтады.
Сол сәттерде Желі қолданушылары Райымбек Еркеге дейін 7 жыл Наргиз атты қызбен кездескенін, "оны тастап кеткенін" жарыса жаза бастады. Көп ұзамай Наргиздің өзі бұл жайтқа пікір білдірді. Оның сөзінше, Райымбек Наргизді тастап кетпеген. Наргиз жеті жыл жүргендерін растап, тіпті тойға дайындалып жүргенін айтты.
20 қаңтарда Райымбек пен Ерке неке қидырып, 19 ақпанда Еркеге "сырға салу" рәсімі өтті.
Ғазрет Қажымұқанов пен Кәмшат Жолдыбаева
1 наурызда әлеуметтік желіде әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ұзату тойынан кадрлар пайда болды. Бірақ Ғазрет те, Кәмшат та бұл видеоларға қатысты ешқандай түсінік бермеді.
@aktau0770 Бақытты болсын??❤️#ПразднуемВесну #рек #хочуврек #fyp #камшатжолдыбаева ♬ оригинальный звук - 7292
Бұған дейін әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы кездесіп жүр деген қауесет тараған еді. Олар бірге түскен суреттерін Instagram-парақшаларында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Артынша әншінің сіңлісі Алтынай Жолдыбаева Кәмшат пен Ғазіреттің шаңырақ құрғанын растағандай болып, отбасылық суретті жариялады.
"Сіздер көптен күткен сурет", - дейді Алтынай.
Гүлназ Жоланова мен сүйіктісі
18 ақпанда актриса Гүлназ Жолановаға "сырға салу" рәсімі өтті. Бұл туралы әнші Ерке Есмахан жазған болатын.
Гүлназдың сүйіктісі кім екені белгісіз. Бұл туралы актрисаның өзі де тіс жармаған. Айта кетейік, бұған дейін Гүлназ бен актер Аян Өтепберген кездескен деген қауесеттер тараған болатын. Аян сұхбаттарының бірінде бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, бұл әңгімеге баяғыда нүкте қойылғанын, Гүлназ екеуі дос екенін айтқан еді.
Жанар Дұғалова мен сүйіктісі
Биыл 9 ақпанда әнші әрі актриса ретінде де танылған Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын сұхбаттарының бірінде растаған болатын. Ұзату 17 наурызда өткен. Жанардың өзі Желіге ешнәрсе салмағанымен, өнердегі әріптестері ұзату тойынан видеолар жариялады.
Әншінің өзі ұзату тойынан суреттерді 23 наурызда ғана жариялады.
Жанар Дұғалова әнші Мәдина Сәдуақасованың сүйемелдеуімен ұзатылған.
Жанардың күйеуі туралы әзірге көп ақпарат жоқ. Белгілісі - есімі Ильяс, Астанада тұрады.
Әсел Сәдуақасова мен сүйіктісі
Жақында Қазнет қолданушылары актриса, әнші Әсел Сәдуақасованың сүйіктісін "тауып алды". Қазір Балиде тұратын Әсел Сәдуақасова жеке өміріндегі жаңалығын бөліскен болатын. Актрисаның Instagram-дағы стористеріне қарағанда, оның сүйіктісі - Мағжан Тілеуханов болып шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әсел бөліскен фото артқы жақтан түсірілгеніне қарамастан, Сәдуақасованың оқырмандары оның сүйіктісін бірден танып қойды. Ол Мағжан Тілеуханов болып шықты, ол актрисадан 7 жас кіші. Мағжан Тілеухановтың өзі маркетолог, блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина