Ерке күйеуі Райммен 5 жыл бұрын танысып, сезім басталған сәт туралы айтты

Ерке күйеуі Райммен 5 жыл бұрын танысып, сезім басталған сәт туралы айтты

Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райымбек Бақтыгереевпен (Raim) бес жыл бұрын танысып, сезім бастау алған сәтін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында айтты. 

"2018 жыл! Танысқан күні түскен ең алғашқы фото. Сезім осы сәттен бастау алған еді. Суреттегідей екі жарты, бір бүтін болатынымызды сол күні біз сезбесек те Алла бұйыртып, шешіп қойған екен ғой! Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алда айтып берейін бе?", - дейді Ерке. 

Еркенің айтуынша, Raim бұған дейін екеуінің арақатынасы туралы шығарған әндерімен жеткізіп тұрған. 

"Әлде кино түсірсек пе екен? Болған оқиға желісіндегі кино. Жазуға да, түсіруге де ерініп қалам-ау, сенім жоқ маған. Некеге апарар жол бізді көп адастырды. Біле жатарсыздар", - дейді Ерке.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина