Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын растады

Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын растады
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтып, жағымды жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. Тимур Балымбетов әншіден "Тұрмысқа шығатының рас па" деген сұрақ қойды. 

"Иә, рас", - деп жауап қайтарды Дұғалова. 

Сондай-ақ, актрисаның менеджері Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты растады. 

"Иә, рас. Жақында тұрмысқа шығады. Той Астанада өтеді", - деп жауап берді әншінің менеджері Нұржауан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Balymbetov (@balukz)

Желі қолданушылар әншінің жаңалығына қуанып, пікір қалдырған. 

"Құтты болсын!" "Бақытты болсын, Жанар!" "Жаным, Жанар! Бақытты болсын", "Жұбымен бақытты болсын", "Жарайсың Жанар. Бәріне лайықсың", - деп жазған олар. 

Айта кетейік, Жанар Дұғалова - қазақстандық әнші, актриса. Ол - Türkvizyon 2014 байқауының жеңімпазы, KeshYou тобының экс-солисі. Оның "Таңданба", "Сүйемін деші ", "Сен емес", "Кім үшін", "Бір сұрақ", "Айта берсін" сынды хит әндері бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек