Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Жалал-Абад облысының денсаулық сақтау ұйымдарында түрлі жарақат алған 20 адам бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Бес адам ауыр жағдайда жансақтауда жатқаны белгілі болды.
"Қалған зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланады", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандағы Созақ ауданында концерт кезінде оқушыларды жүк көлігі қағып кеткені хабарланды.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ауруханаларға 9-16 жас аралығындағы 29 бала жеткізілген. Ал кейінірек зардап шеккендер саны көбейгені белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!