Қырғызстанда қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашып кетуіне байланысты қозғалған қылмыстық іске қатысты бес адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, айыпталушылар бұған дейін кінәні мойындау туралы келісімге қол қойған.
"Іс бойынша 4 адам - қарапайым азаматтар, ал біреуі МКҚК Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері екені белгілі. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық қатысушыға 350 мың сом (шамамен 1 804 350 теңге) айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, былтыр сәуірде бірнеше аймақтағы Полиция департаменттері мен ҰҚК басшылары қаңтардағы тәртіпсіздік бойынша күдікті деп танылды. Екі аптадан кейін ІІМ басшысы Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Содан кейін ол өз еркімен кеткені туралы хабарланды. Ал мамырда қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізімінде Күдебаев та бар екені белгілі болды.
Сондай-ақ, биыл 5 қаңтарда Мәжілісте Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев түсіп қалған видео көрсетілді. Кадрларда ол қарулы күзетпен өзі күзетуі қажет болған департамент ғимаратынан кетіп бара жатады.
Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.
Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі
Кейін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды.
Ал ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ал БАҚ-та "генерал Солтүстік Кипрде жүр" деген ақпарат та тараған еді. Бас прокуратура Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткені туралы мәлімдеме жасады.
Қашқын генерал Күдебаевтың тауда жеке шаруашылығы бар - ҰҚК
Ал кеше Бас прокуратура генерал Күдебаев ұсталғанын растады.
28 сәуірде Күдебаевқа сот үкімі шықты. Жетісу облыстық соты мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Кейін генерал Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!