Генерал Күдебаев қайда қашып кетуі мүмкін екені туралы тағы бір дерек шықты - БАҚ

Генерал Күдебаев қайда қашып кетуі мүмкін екені туралы тағы бір дерек шықты - БАҚ

Заңгер Қазақстанмен арада қылмыскерлерді ұстау туралы шарт жоқ елдерді атады. Оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген Күдебаев қашып кетуі мүмкін делінген мемлекет те бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қазір "генерал Солтүстік Кипрде жүр" деген ақпарат тарап жатыр. Заңгерлердің сөзінше, бұл елмен арада қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ.

"Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Косово және Солтүстік Кипрді жатқызуға болады. Себебі бұл мемлекеттермен екі жақты келісімшарт жоқ. Олар бізге қылмыскерді ұстап беруге міндетті емес. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекарадағы бақылау-өткізу пунктінің ешбірінен өтпегенін хабарлады. Қазір генералды іздеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратура айналысып жатыр", - дейді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді. 

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова