Ресейлік Telegram-арналар "Крокус Сити Холл" концерт залында болған теракт кезінде 15 жастағы қырғызстандық Исламның ерлігі туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бала орталықтың гардеробында жұмыс істеген. Теракт кезінде ол жүзге жуық адамды ғимараттан алып шыққан.
Журналистердің айтуынша, оқушының отбасы Ресейге Қырғызстаннан көп уақыт бұрын көшіп келген. Исламның өзі Ресейде туып-өскен.
"Адамдар дүрбелеңге түсті. Мен оларды, әрине, түсінемін. Мен де дереу қашып кеткім келді, бірақ мен бәрін нұсқау бойынша жасадым: адамдарды дереу шығарып, соңында өзім шығу. Адамдарды шығарып, менен кейін ешкім қалмауы үшін, адам қалып қалмауы үшін арттарынан жүрдім", - деді ол БАҚ өкілдеріне.
Исламның айтуынша, барлық әкімшілерге төтенше жағдай кезінде не істеу керек екені туралы нұсқау берілген және ол барлығын нұсқау бойынша жасаған.
Лаңкестік әрекет пен оның салдарынан болған өрт кезінде Ислам адамдарға бағыт-бағдар берген. Көпшіліктің дәретханаға қарай, тұйыққа жүгіргенін байқаған жасөспірім эвакуацияны өз қолына алған. Ол адамдарды тар өткелден "Экспо" аумағына, одан әрі кеңсе ғимараты арқылы көшеге – қауіпсіз жерге алып шыққан.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.
Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады
Артынша Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!