"Крокус сити холлда" қаза тапқандар саны 100-ден асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.
Теракт болған оқиға орнында үйінділерді тазарту жұмыстары барысында қаза тапқан адамдардың денесі табылған.
Осылайша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.
Бастапқы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен.
Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады
Артынша Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!