- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық олигархтың баласы...
Қазақстандық олигархтың баласы Парижде көліктерін көрсетті
Қазақстандық кәсіпкер, миллионер Талғат Байтазиевтің баласы Париждегі Four Seasons Hotel George V Paris деп аталатын бес жұлдызды қонақүйдің алдында автокөліктерін көрмеге қойды. Бұл туралы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі CarsKz тобында айтылды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"775 аттың күші бар Ferrari F12 Berlinetta Mansory Stallone. Бар жылдамдығы - сағатына 350 шақырым. 0-ден 100 шақырымға дейінгі жылдамдыққа 3 секундта жетеді. Құны - 600 мың евро.
Gronos G63 AMG 6×6 - әлем бойынша жалғыз. Тюнинг-шеберхана оны 840 аттың күші бар жол талғамайтын көлікке айналдырды. 100 шақырымға дейінгі жылдамдыққа 6,1 секундта жетеді. Бағасы - шамамен 1 миллион евро.
Mercedes S63 AMG Mansory. Қуаты 800 немесе 1000 аттың күшіне тең. Жүз шақырым жылдамдыққа 3,6 немесе 3,2 секундта жетеді, бар жылдамдығы сағатына 300 шақырым. Седан түрінің құны 500 мың евро".
Талғат Байтазиев 49 жаста, ол Атырау мұнай-газ институтының түлегі, 2004-2012 жылдар аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарды. 2012 жылдың желтоқсанында Batumi Industrial Holdings Ltd компаниясының бас директоры болып тағайындалды. Биылғы наурызда кәсіпкердің Молдава металлургия зауытының бас директоры болып тағайындалғаны хабарланған.