Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / «ВКонтакте» жайлы қызықты деректер

«ВКонтакте» жайлы қызықты деректер

«ВКонтакте» жайлы қызықты деректер

«ВКонтакте» – ресейлік интернеттегі ең ірі әрі танымал әлеуметтік желілердің бірі. Рунетте аталған сайт - қолданушылар ең көп кіретін үздік үштіктің қатарында. Бүгін осы сайт пен оның негізін салушылар жайлы қызықты бірнеше дерек ұсынамыз.

  • Павел Дуров Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің филология факультетін аяқтаған бетте өзінің ағасымен бірге «ВКонтактені» (2006 жылы) жасап шықты.
  • Дуровқа әлеуметтік желі жасау идеясын Америкадан оралған досы тастаған.
  • Ресейлік жаңа әлеуметтік желіні «ВКонтакте» деп атауға «Эхо Москвы» радиостанциясының джинглы себепші болған. Ол радиодан әрдайым «В полном контакте с информацией» деген тіркесті естіген.
  • vkontakte.ru домені ресми түрде 2006 жылдың 1 қазанында тіркелді, ал сайттың бірінші функциялары 10 қазанда пайда болды.
  • Бастапқыда сайт жабық болған. Тек жеке шақырудан соң ғана тіркелу мүмкін болғанына қарамастан, кейінірек тіркелу еркін болды. 
  • «ВКонтакте» сайты тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар, басқа да ТМД елдерінде үлкен танымалдылыққа ие. Қазіргі таңда сайттың бір күндік аудиториясы 46 миллион адамнан асады.
  • «ВКонтакте» арқылы заңсыз контенттің, әсіресе, музыканың жиі таралуына байланысты сайтқа дыбыс жазу компаниялары бірнеше рет өз наразылықтарын білдірген. 2011 жылы АҚШ билігі «ВКонтакте» қарақшылыққа жол беріп отыр деген ресми мәлімдеме жасады. Өз кезегінде сайт өкілдері "Пираттық контентке соны жүктеген қолданушылар жауапты" деп жауап қатты.
  • 2012 жылы vkontakte.ru домен аты vk.com-ге ауысты.
  • Әлеуметтік желінің танымалдылығы артқан сайын, Павел Дуровтың қалтасы қалыңдай түсті. Бүгінде рубльмен есептегенде, ол миллиардер болып саналады. 2011 жылдың өзінде оның байлығы 7,9 миллиард рубльге жеткен.
  • Қазіргі таңда «ВКонтактенің» 100 пайыз акциясы шамамен 1,5 миллиард долларға бағаланып отыр. Соның 40 пайызы Mail.ru Group-ке тиесілі, ал 12 %-ы Павел Дуровтікі. Қалған 48 пайызын компанияның негізін салған Вячеслав Мирилашвили мен Лев Левиев 2013 жылы United Capital Partners-ке (UCP) сатып жіберді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

3159 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 28 мамыр 2013, 09:27
Пікірлер
+0
28 мамыр 2013, 13:20

ВК ыңғайлырақ фейзбук пен майл.рудің қасында

+0
28 мамыр 2013, 14:19

қазіргі таңда атағы асқақтап тұр деуге болады ғой, ең бірінші көптеген интернет қолданушылар осы сайтты ашады

+0
28 мамыр 2013, 22:57

ен биринши интернетке киргенде ашатын сайтым осы ВК....барлыгын табуга болады оте ынгайлы!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...