- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Желіде ЖЭО-ны мемлекеттен...
"Желіде ЖЭО-ны мемлекеттен сатып алды деген қауесет жүр". Клебанов мәлімдеме жасады
Танымал кәсіпкер Александр Клебанов жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Іnstagram-парақшасында бөлісті.
"Құрметті Екібастұз тұрғындары!
Қаладағы қазіргі жағдай туралы айтқым келеді. Апаттың бірінші күнінен бастап мен және кәсіпорынның барлық қызметкері апаттың салдарын жою үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық күшіміз осыған бағытталған. Апаттың өзіне қатысты айтып өтсем…
Алдымен қазандық жұмысының тоқтап қалуына жылу желілерінің бұзылуы әсер еткен. Сол орындардағы ақауды реттеу үшін бос деген барлық маман жіберілді. ОАЭК басшылығы, "Екібастұзтеплоэнерго" мамандары және мен қалыпқа келтіру процесін бақылауда ұстап отырмыз. Қазір де апаттың алғашқы күнінен бастап та мен осындамын.
Біздің басқа өңірлердегі жүздеген маманымыз да осында келіп, қазіргі уақытта тұрғындарға атаулы қызмет пен көмек көрсетіп жатыр".
Кәсіпкер Желіде талқыланып жатқан пікір туралы да айтты.
"Желіде біз Екібастұз ЖЭО-сын (жылу электро орталығын) мемлекеттің меншігінен алды деген теріс пікірлер кездеседі. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Себебі біз бұл активті 2008 жылы жеке компаниядан сатып алдық.
Біз жылу желілерінің тозу мәселесін бұған дейін де бірнеше рет көтердік. Алайда жеке компания ретінде біз тұтынушылар үшін белгіленген тарифтік бағаны көтере алмаймыз. Сол себептен де кәсіпорынның шығыны әуел бастан көп. Кәсіпорынның кірісі тіпті станцияны қамтамасыз етуге де жетпеді. ЖЭО-ны толық немесе ішінара жаңғырту туралы айтпасақ та. Бұл бір жай ғана сөз емес. Бұның бәрі қаржылық есеппен расталатын дерек.
Желіде біз ЖЭО-ны мемлекет меншігіне беруге дайын екеніміз туралы ақпарат таралып жатыр. Біз бұған дейін де бірнеше жыл қатарынан ЖЭО-ны қала қарамағына беруге ұсыныс білдірдік. Осыны ескеру маңызды. Ал енді барлық жағдайды ескере отырып, біз қазіргі жайтты келтіруге және "Екібастұзтеплоэнерго" капиталына мемлекеттің де қатысу мүмкін екенін қарастыруға дайынбыз".
Александр Клебанов компания апат салдарын өз мойнына алатынын айтты.
"Жалпы күрделі жұмыс процестері туралы көп айтпай-ақ қояйын. Өйткені қазір ең бастысы - адамдарға қалыпты өмір сүру жағдайын жасап беру. Ол үшін бәріміз жұмыла жұмыс істеп жатырмыз. Қала тұрғындарының мұндай жағдайға тап болғанына қатты өкінемін. Өз тарапымнан жағдайдың шығу себептеріне қарамастан, компания апат салдарынан зардап шеккен үйлерді қалыпқа келтіру міндетін өз жауапкершілігіне алатынын хабарлаймын.
Бүгіннен, яғни, 2 желтоқсаннан бастап біз зардап шеккен балалар мен олардың ата-аналарын қалпына келтіру жұмыстары барысы кезінде облыстың бірнеше санаторийіне орналастыруды бастадық. Өкінішке қарай, біз жылдар бойғы жүйедегі мәселелердің салдарымен бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ, өз кезегімде мен, мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін бізден талап етілетін барлық нәрсені жасауға кепілдік беремін".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына төртінші күні барған еді. Ал бүгін, 1 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатты. Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Желіде Екібастұз ЖЭО туралы адамшошырлық видео тарады. "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС директоры Виктор Вебер видеоға қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек