"Апокалипсис": ЖШС директоры Екібастұздағы видеоға қатысты пікір білдірді

"Апокалипсис": ЖШС директоры Екібастұздағы видеоға қатысты пікір білдірді

"Экибастузтеплоэнерго" ЖШС директоры Виктор Вебер әлеуметтік желіде Екібастұз ЖЭО туралы тараған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вебердің сөзінше, әлеуметтік желіде тараған видеодағы ғимарат - ескі қазандық. Бүгінде ғимарат пайдаланылмайды және ол жердегі қазандықтар жұмыс істеп тұрған жоқ. Соңғы қазандық 20 жыл бұрын қиратылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Экибастузтеплоэнерго" ЖШС директоры Виктор Вебер әлеуметтік желіде Екібастұз ЖЭО туралы тараған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вебердің сөзінше, әлеуметтік желіде тараған видеодағы ғимарат - ескі қазандық. Бүгінде ғимарат пайдаланылмайды және ол жердегі қазандықтар жұмыс істеп тұрған жоқ. Соңғы қазандық 20 жыл бұрын қиратылған. 

"Публикация от ? ? ? ? ? ? ? ? ? _ ? ? ? ? (@ekibastuz_blog)

"Апокалипсис, қорқынышты фильмдегідей", "Дереу Голливудты шақыру керек, қорқынышты фильм үшін керемет декорация ғой", - деді пікір жазғандар. 

Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына төртінші күні барған еді. Ал бүгін, 1 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатты. Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина