HTC One A9 — iPhone 6s смартфонының аналогы

HTC One A9 — iPhone 6s смартфонының аналогы
Фото: thenextweb.com

Күні кеше HTC компаниясы жаңа One A9 флагманын таныстырды. Қытайлық смартфон өндірушісінің жаңа аппараты америкалық iPhone 6s смартфонына өте ұқсайды екен. Техникалық мүмкіндіктерін салыстырған мамандар осындай тұжырымға келді.

Демек, Apple корпорациясының қымбат өнімін сатып алғанша, Android операциялық жүйесіне бейімделген қолжетімді HTC смартфонын иемденуге болады. Ендеше екі өнімді салыстырып көрейік.

HTC One A9 флагманы iPhone 6s смартфонынан 7,1 миллиметрге қалың. Ол 4 ядролы процессормен жабдықталған, оперативті жады — 3 ГБ, ал негізгі камерасы 13 мегапиксель сапаға ие. Қосалқы жадын 2 ТБ-қа дейін қосуға болады.

Америкалық смартфонның аналогы бармақ ізін сканерлей алады. Дегенмен басты бетке бағыттайтын негізгі батырмасы домалақ емес. Себебі Apple оны патенттеп алған. HTC One A9 флагманы алуан түрлі түстері де бар.

Ал қытайлық флагманды өнім iPhone 6s смартфонымен салыстырғанда үш есе арзан. HTC компаниясы ұсынған смартфон 399 АҚШ доллары тұрады.

Расында, мұны сәйкестік деп айту қиын. Себебі HTC компаниясы соңғы жылдары нарықта жолы болмай, көп шығынға ұшыраған. Ал кеше таныстырылған өнім олардың табысқа кенелу жолындағы басты үміті болуы тиіс. Сол себепті жаңа смартфонның нарықтағы көшбасшы аппаратқа ұқсас жасалауы жаңалық емес.

Ж. Өрісбай