MWC 2015. HTC One M9 смартфонын екі аптадан кейін сатып алуға болады

MWC 2015. HTC One M9 смартфонын екі аптадан кейін сатып алуға болады

HTC One M9 смартфоны  MWC 2015 халықаралық көрмесінде жаппай таныстырылып, осыған дейін талқыға салынып келген гаджетке қатысты мамандар болжамына нүкте қойылды. Жаңа девайстың сыртқы корпусы көп өзгеріске ие болмаған. Бірақ оның артықшылықтары ішкі құрылымында болып отыр.

HTC One M9 негізін 64-разрядты Qualcomm Snapdragon 810 бір кристалды жүйесі құрайды. Аталған процессор құрамына Adreno 430 технологиясын дамытатын 2 ГГц жиілікке ие Cortex A57 және 1,5-ГГц жиілікпен жұмыс істейтін төрт Cortex A53 есептеу ядролары енеді. Одан бөлек, 3 Гбайт жедел жадысы бар және қосалқы жады ретінде 128 Гбайт көлемге ие micro-SD қолдануға болады.

Тайвандық компания өнімнің өткен жылғы нұсқасында қолданылған Duo Camera жүйесінің орнына бұл жолы 20-мегапиксельді Toshiba (диафрагма — f/2.2) бейнелеу тетіктерін қондырған. Ал түсірілетін видеоның сапасы 4K-видео болып, HD-роликтерде секундына 120 сурет алады.

HTC One (M7) және One (M8) модельдерінің негізгі артықшылығы болған 4 ультрапиксельді камерасы жаңа нұсқада алдыңғы камераға ауысып кеткен. Дегенмен оның енді автофокусі мен суретті оптикалық тұрақы ету функциялары жоқ. Бірақ негізгі камераның екі жақсы жарық берушісі бар.

Заман талабына сай әрбір смартфон сынды M9 аппараты да өзінде Wi-Fi 802.11 b/g/n/ac, Bluetooth, GPS/ГЛОНАСС, NFC және LTE модульдерін қамтиды. Сонымен қатар, аталған өнімнің дәстүрлі қосалқы бөлшегі болған BoomSound стереодинамикасы өз межесінде қалдырылған.  Ал оның дыбысау мүмкіндігі Dolby Sound технологиясының арқасында жақсарыпты.

HTC One M9 смартфонының сағатына 2840 миллиАмпер болатын қуат жинақтағышы қосалқы бөлшек емес. Ал платформасы HTC Sense 7 UI интерфейсін қамтитын Android 5.0 Lollipop оперативті жүйесі болып табылады.

Физикалық шамасына тоқталар болсақ, жаңа аппараттың өлшемі 144,6x69,7x9,6 мм болса, оның салмағы 157 грамм тартады екен. Айта кетсек, смартфонның алдыңғы нұсқасының салмағы 3 грамға көп болған.

Тайвандық компания HTC One M9 смартфонының әлемдік нарықтағы сатылымын наурыз айының орта шеніне жоспарлап отыр. Әзірге гаджеттің бағасы айтылмағанымен, оның бірнеше түстегі нұсқаларының болуы белгілі болып отыр. Смартфонның сандық нұсқалары HTC One (M8) өніміне қарағанбай біршама көп болмақ.

Сурет: www.pcadvisor.co.uk, www.migom.by

Оқи отырыңыз: 

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Xiaomi GoPro аналогын шығарды

MWC 2015. Lenovo Pocket Projector - сіздің қалтаңыздағы кинотеатр

Ж. Өрісбай