"Хан Қорық" фестивалінің жастарға берері мол

"Хан Қорық" фестивалінің жастарға берері мол
Фото: massaget.kz

Тарихи мекендерді болашақ жастарға таныту барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастыруымен "Хан Қорық" жастар фестивалі жалғасын тапты. Еліміздің әр аймағынан келген жоғарғы оқу орындарының студенттері Оңтүстік Қазақстан облысындағы ескі мекендерді аралап, ата-бабаларымыздың кесенелері мен тарихи жәдігерлер туралы тың ақпараттармен танысты. Сонымен қатар алты ай бойы Шыңғыс хан әскеріне дес бермеген Отырар қаласының қазіргі бейнесін тамашалап, Сауран қаласының құламай келе жатқан қабырғаларына таңғалғандарын жасырмады.

Жетпіске жуық адам қатысқан бұл фестивальдің басты мақсаты – батысқа еліктеген жастардың бойына шығыс мәдениеті мен өркениеті де сан ғасырдан бері дамығанын көрсетіп, ел тарихына деген қызығушылықты ояту.

Осымен екінші рет ұйымдастырылған фестиваль алдын-ала жоспарлаған мекендерін толықтай аралады. "Домалақ ана", "Арыстан баб" "Ақ мешіт" үңгірі мен "Сайрам Өгем" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі сынды жерлерде болып, геологиялық тұстарын да назардан тыс қалдырмады.

B. ZHAQSYMBET