Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Фоторепортаждар / Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Хан Қорық" жастар фестивалінің алғашқы күні

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Хан Қорық" жастар фестивалінің алғашқы күні

 Оңтүстік Қазақстан облысындағы

Болашақ жастарға тарихымызды дәріптеу барысындағы Қазақ елінің тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ұйымдастырылған  "Хан Қорық" фестивалі биыл Оңтүстік Қазақстан өңірінде жалғасын тапты.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының бастауымен жүзеге асырылған жастар фестивалі еліміздің әр аймағынан келген студенттердің көкейінде көпке дейін қалатыны анық. Айта кетсек, "Хан Қорық" фестивалі тамыз айының 15-і мен 19-ы аралығында өткізіліп, оған 5 университетінің білімгерлері мен өлкетанушы ғалымдар өз үлесін қосты.

Фестивальдің басты мақсаты жастардың ата тарихымызға деген қызығушылығын ояту болған. Сонымен қатар, болашақта 300-ге тарта тарихи ескерткіштері бар қазақ хандарының ордасында экотуризмді дамытуды көздеп отыр. Расында Еуразия даласын дүр сілкіндірген ұлы хандықтардың қамалсыз астанасы болған киелі Оңтүстік Қазақстан өлкесі табиғи көркімен де, тарихи құндылығымен де ерекше. Басты міндеті – тарихқа тереңінен үңіліп, оны келесі ұрпаққа жеткізу. Жастар фестивалінің "Хан Қорық" деп аталған жерде ұйымдастырылуы да бекер емес. 

Сонымен төрт күнге созылған тамаша фестивалінің алғашқы тәулігі қалай өткендігін баяндайтын боламыз. 

Еліміздің әрбір өңірінен келген қатысушылар Шымкент қаласына жиналғаннан кейін көлік бағыты "Домалақ ана" кесенесіне қарай бағыт алды.

Ұлы жүз ұрпағына жақсы таныс анамыздың шын есімі Нұрила болған деседі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі атақты Бәйдібек биге тұрмысқа шыққан. Ел ішіндегі деректерге сүйенсек, түп тегі Қара Хайдар деген кісі ең алғаш "Дихнат мама" деп атап кетсе, кейіннен ол сөз дыбыстық өзгерістерге ұшырап, "Домалақ анаға" айналған. Парсы тілінен аударғанда "Әулие ана" деген мағына білдіреді.  

Кесене ішіндегі "Домалақ ананың" зираты. 

Біздің экспедицияның алдында келген ниеттенушілер "Домалақ ананың" басына барып зиярат етіп, ағашқа орамал байлап кеткендерін де көзіміз шалып қалды.  Соған қарағанда, маңайдағы өзге ағаштардың қасында көп жасағаны осы болады деп топшыладық. Себебі, ертеден шөл далада немесе ұзақ ғұмыр кешкен осындай өсімдіктерді киелі санаған.

"Домалақ анаға" дұға бағыштап, Бәйдібек ауданында орналасқан Ақмешіт әулие үңгіріне қарай бет алдық. 

Ойық жарқабақтың ұзындығы – 254 метр, ені – 65 метр, ал биіктігі – 25 метр болады екен. 

Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. 

Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. 

Үңгірдің ішінде осы бір киелі мекенге зиярат етушілерге таныстырып, дұға бағыштайтын Асқар ақсақал отырады. Талай ғасыр бұрын он мың әскер сыйған жерге бүгінде ақ маталар жайылып, тапшан қойылған екен. 

Бұл үңгірге көбіне перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар ниет етіп келеді екен.

Аппақ ишан күмбезі – ХІХ ғасырдың ақырындағы архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауылында күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Табанының аумағы – 6,7+6,6 метр, ішкі көлемі – 3,5х3,5 метр, биіктігі – 6 метр. Қабырғаларының ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған.

Талай ғасырдан бері тұрған медресенің күмбезінде бүгінде сызаттар пайда болған. Алайда, сол дәуірдегі адамдардың жасаған дүниесі әлі күнге дейін мұрты бұзылмай сақталуда. Заманның ағымына сай әйнекпен ғимарат салуды жолға қойғам қазіргі қоғам сәулетшілері ізіне қандай мұра қалдыратынын сапасына қарап, ойлай беруге де болады. 

Ғимараттың ішінде 1945 жылғы соғыстан қалған көптеген мұралар бар. Соның бірі – бас киім мен күрек және тамақ салынатын ыдыстың түпнұсқасы. 

Көшпелі қазақтың көлігі саналатын ат арбаның сұлбасы. Байырғы заманда үстіне жүк тиеліп, қыстау мен жайлаудың арасында осындай керемет арбалардың іздері қалатын. 

Тарихи мекеннен табылған көне құмыралар. 

Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб қабірі. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден тұрады.

Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Ал, мазар XIV ғасырда қайта жөнделген.

Арыстан баб кесенесінің оң жақ бұрышынан жоғарыға көтерілетін ағаштан жасалған саты. 

ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған Сауран қаласы. Бүгінде осы бір мекенде құнды жәдігер ретінде болып қалған қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550-800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VII-VIII ғасырларға жататынын дәлелдейді

Жалғасы бар... 

Ілмек сөздер: жастар фестивали, шымкент, жастар фестивалі, "Хан Қорық", "Хан Корик", ҚҰГҚ, КНГО, Назарбаев Университеті.арыстан баб,домалақ ана, ақ мешіт үңгірі, құмыра, медіресе,

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: BAUKENTI ZHAQSYMBET
Қосылған күні:22 тамыз 2016, 15:46