Ерлан Қарин вице-президент болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ерлан Қарин туралы не белгілі?
Ерлан Қарин 1976 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Әр жылдары Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында, қазіргі заманғы саясат халықаралық институтында еңбек етті.
Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарды.
Президенттің кеңесшісі де болды. Бұған дейін Мемлекеттік кеңесші қызметін де атқарды.
Ол 2026 жылы маусымда Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова