Сот бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экс-министрді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданды.
"2024 жылғы 15 мамырда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", - деп жазылған елордалық соттың Tengrinews.kz-ке жауабында.
Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.
Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрін (Марат Бекетаевтың - еск.) лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.
Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болды - Бас прокуратура
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз