Экс-министр Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

Экс-министр Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

"2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, Антикор бұған дейін бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрі (Марат Бекетаевтың) лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров экс-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан