- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұздағы төтенше жағдай:...
Екібастұздағы төтенше жағдай: 28 үй жылусыз қалды
Екібастұзда 28 үй жылусыз қалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайтында мәлім болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады.
Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.
"Қазір қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден аса техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр. 3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, 76 үйдің 48-інде жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиіс жұмыстар жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.
Қалпына келтіру жұмыстарының барысы - Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.
Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына төртінші күні барған еді. Ал бүгін, 1 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатты. Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Желіде Екібастұз ЖЭО туралы адамшошырлық видео тарады. "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС директоры Виктор Вебер видеоға қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек