- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Disney роботы қандай...
Disney роботы қандай қабілетке ие? (Видео)
Сурет сыза алатын роботтардың бар екені белгілі. Ал Швейцарияның Федералды Технологиялық Институты мен Disney анимациялық компаниясының Цюрихтегі зерттеу орталығы жасаған Beachbot роботы ешкімнің басқаруынсыз құмда үлкен суреттерді сала алады. Бұл роботтық технологияның жаңа қырын дамытуға назар аудартып отыр.
Disney Research Zurich орталығының жетекші ғылыми қызметкері Пол Бердслидің айтуынша, негізі жобада қарапайым комикстерді салатын роботты жасау болған. Жұмыс барысында ол құмда шығармашылықпен айналысатын роботқа айналыпты.
Beachbot бір орталыққа бағынған компьютерлік құрылым мен Wi-Fi модуліне ие. Және лазерді сканер орнатылған. Робот алдымен сурет салу орнын сканерлейді. Сосын өзінің орналасу нүктесін анықтап, сурет салуды бастайды.
Әрине бұл құбылыс қазіргі роботтар үшін жеңіл функция болып көрінгенімен, ғалымдар Beachbot-ты құру кезінде бірнеше қиындыққа тап болған. Мысалы, құмды қалың басу керек болған жерін роботтың анықтауы мәселе тудырыпты.
Сонымен қатар, инженерлер құмда анық көрінбейтіндей із қалдыратын доңғалақтарды пайдаланып та көрген. Ал ең күрделісі роботтың сурет салып жатқан кезіндегі траекториясын жадыға жазып отыратын алгоритмін жасау болыпты.
Роботтың иесі өзінің мобильді құрылығысы арқылы таңдаған суретін роботқа жіберсе Beachbot 10 минутта құмның бетіне картинаны түсіреді екен. Ал үлкен масштабты суреттерді салу кезінде қылқалам иесін бағыттап тұру керек. Ғалымдар болашақта аппаратты толық автоматтандыратын болады.
Сурет: www.asl.ethz.ch
Оқи отырыңыз:
Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек
Туиттердің жеке видеосервисі пайда болады
CES 2015. E-Ink – түсін өзгерте алатын электронды түсқағаз
NASA мен Nissan бірігіп көлік шығарады
CES 2015. Әлемдегі ең кішкентай компьютер таныстырылды
Ж. Өрісбай