- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- DARPA Google браузерінен...
DARPA Google браузерінен қуатты платформа жасады
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын агенттік (DARPA) Google іздеу платформасынан да қуатты жүйе жасады. Жаңа іздеу жүйесі Tor сынды ең құпия желілердің ақпаратын ашуға арналған бағдарламаны қолдануды қажет етпейді. Memex жобасы бүкіл әлемдік ақпараттар легін қолжетімді ету мақсатында құрылған.
Айта кетсек, браузер арқылы көрінбей қалатын анонимді интернет-серфингтегі мыңдаған сайт Memex жүйесінде ашылады. Жаңа браузердің ерекшелігі Google мен Bing іздеу платформаларына қараңғы болған веб-парақшаларды аша алады.
Осыған дейін бізге құпия болған сайттардан ақпарат алу кезінде Tor жүйесінің көмегіне жүгінген болсақ, енді оның ісін әмбебап интернет құрылғысы жасай алады. Бұл көбіне жеке адамға тиесілі ақпараттың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіп, қылмыстық істерге қажет ақпараттарды іздеуге арналған жүйе.
Google жүйесі өз тұтынушыларына жеткілікті ақпаратты жеткізе алмайды. Себебі іздеу легінен шықпайтын сайттардың ішкі форумы мен ақпараттар жиыны ғаламдық интернеттің 95%-ын қамтиды. Мысалы, өз қолданушыларын анонимді түрде сақтап, сауда әрекеттеріне жол берген Silk Road сайты үстінен 2013 жылы қылмыстық іс қозғалып, сайт домені жабылған болатын. Memex браузері құқық қорғау қызметкерлеріне қолдау білдіретін ақпараттық жүйе болмақ. Memex жобасы жетекшілерінің бірі Крис Уайттың айтуынша, алғашқы тәжірибе барысында қарапайым қолданушыға көрінбейтін 30-40 мың сайт анықталыпты.
Memex іздеу платформасы нақты қолданушылар мен IP-мекенжайларына қатысты мәліметті таба алмағанымен, жабық сайттардың бетін ашып, негізгі ақпараттарды құқық қорғау бөлімдеріне жеткізе алады.
АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігінің хабарлауынша, Memex бағдарламасы – ғаламтордың қараңғы беттерін ашып, қылмыспен күресуге қолдау білдіре алатын ұтымды шешім. Ал интернеттің тәуелсіз қолданысқа ие болуын жақтаушы еріктілері DARPA агенттігінен Memex платформасының толық жұмыс істеу принцибін жариялауды талап етуде. Себебі бұл үлкен жобаның нақты мақсаты әзірге құпия күйінде қалып отыр.
Сурет: pixabay.com
Оқи отырыңыз:
Apple өзінің жеке іздеу жүйесін шығаруы мүмкін
«Google» балаларға арналған жаңа іздеу жүйесін ойлап тапты
2014 жылы «Google» іздеу жүйесінде көш бастаған спортшы кім?
Internet Explorer 10 ең қауіпсіз браузер атанды
Ж. Өрісбай