Internet Explorer 10 ең қауіпсіз браузер атанды

Internet Explorer 10 ең қауіпсіз браузер атанды

Жүйелердің қауіпсіздігін зерттеумен және оларды сынақтан өткізумен айналысатын американдық тәуелсіз NSS Labs ұйымы Internet Explorer 10 браузерін ең қауіпсіз деп таныды.

Internet Explorer 10 басқа танымал браузерлерге қарағанда зиянды сайттардың бірнешеуін танып, қолданушыларға олар жөнінде ескерту жасаған екен. IE10 сондай-ақ басқалармен салыстырғанда зиянды сілтемелерді тезірек тапқан. NSS Labs жасаған есепте аталған браузердің осындай артықшылықтары жазылған.

Зерттеу жұмыстары 2013 жылдың 13-наурызы мен 6-сәуір айлары аралығында жасалған екен. Веб-браузерлердің тиімділігі 754 зиянды сілтемелерге сынақ жасау барысында анықталды. Зерттеушілер барынша вирусқа толы сайттарға бірнеше рет кіріп жүйенің қауіпсіздігін тесттен өткізген. Ал жалпы сынақ кезінде Microsoft Windows 8 Enterprise операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын әр браузерге 18 мыңнан аса тест жасалынды.

Осы аралықта IE10 браузері зиянды сілтемелердің 99,96 %-ын дәл анықтап, жүйе өзінің тиімділігін анықтап берген. Екінші орын Google Chrome 25/26 браузеріне бұйырды. Ол сынақ барысында 83,16% тиімділік көрсеткішін көрсеткен екен. Ал Safari 5 пен Firefox 19 10,15% және 9,92% нәтижесімен сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды иеленді. Бір қызығы соңғы кезде қолданушылар арасында танымал болған Opera 12 браузері зиянды сілтемелердің тек 1,87%-ын анықтап берген.

«Осылайша, Firefox пен Safari әр он шабуылдың біреуіне тойтарыс беретіні анықталды. Бұл дегеніңіз қалған тоғыз зиянды сілтемемен күресу компьютерде орнатылған антивирусқа жүктеледі деген сөз. Chrome болса онның сегізін өзі жояды. Ал Internet Explorer 10 браузері мыңнан тек төрт зиянды сілтемені ғана таба алмады»,-делінген NSS Labs жасаған есепте.

Осы тұста мамандар браузерлердің көпшілігі сайт компьютерді зақымдауы мүмкін деген ескерту шығарғанымен олардың бетін қайтаруға қауқарсыз екендіктерін де айта кетті. Сондықтан браузерлердің қауіпсіздік деңгейі шындығында әлдеқайда төмен болуы да ықтимал көрінеді.

Ал бұл жолғы сынақта жеңіске жеткен Internet Explorer үшін бұл бірінші рет болып отырған жоқ. Ол 2012 жылдың қыркүйек айында да аталған компанияның зерттеу қорытындысы шешімімен ең қауіпсіз браузер атанған еді. Сондай-ақ Internet Explorer электр қуатын пайдалану бойынша да ең тиімді браузер екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: iguides.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді