- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы әділет министрін...
Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Экс-әділет министрі Марат Бекетаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартты.
Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.
2023 жылғы желтоқсанда бұрынғы министрді күзетпен ұстау мерзімі 21 қаңтарға дейін ұзартылды.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаев Қазақстаннан қашпақ болған кезінде ұсталғанын мәлімдеді.
Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан