Президент тапсырмасы: экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғаны расталды

Президент тапсырмасы: экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталғаны расталды

Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрі (Марат Бекетаевтың) лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров экс-министрдің неге ұсталғанына қатысты пікір білдірген еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина