Бұрын министр болған Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Бұрын министр болған Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Асқар Омаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыркүйекте Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Айта кетейік, бұл - Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие. 

Асқар Омаров туралы не белгілі?

Айта кетейік, Асқар Омаров 1976 жылы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол әр жылдары мемлекеттік қызметтер атқарып, ақпарат және қоғамдық даму министрі, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды.

Еске салайық, 20 қазанда Асқар Омаров Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылды. Оның орнына Қанат Құлшыманов тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget