Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры ауысты

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры ауысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Асқар Омаров Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Қанат Құлшыманов туралы не белгілі?

Ол 1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын (2008), магистратурасын (2010) журналистика мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының докторы (PhD).

Еңбек жолын 2007 жылы "Қазақпарат" ҰК" АҚ саяси және құқықтық ақпарат секторының тілшісі ретінде бастаған. Бұған дейін әкімдіктердің, министрліктердің, ұлттық компаниялардың баспасөз хатшысы да болған.

2025 жылы 11 наурызда Президент әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget