Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Фото: parlam.kz

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. 

Ерлан Қошанов туралы не белгілі?

Ол 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып жұмыс істеген.

1988-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі болған.

1990-1995 жылдары Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінде бірқатар басшылық қызмет атқарды.

1996-1999 жылдары сенатор болды және бірнеше рет Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.

1999 жылы Үкіметтің Парламенттегі өкілі болды, ал 2001-2003 жылдары премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылы Қарағанды ​​облысының әкімі болды. 2019-2022 жылдары Президент әкімшілігін басқарды.

2022 жылы Мәжіліс төрағасы болып сайланды. Ол 2026 жылғы шілдеге дейін осы қызметті атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget