Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтетін күнді белгіледі. Сайлау 29 қарашада өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтылды.
Айта кетейік, 12 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабы 5 тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" жарлыққа қол қойды.
"Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлық мәтінінде.
Ал 24 қыркүйекте Мемлекет басшысы мәслихаттар сайлауы мерзімінен бұрын өтетінін жариялады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!