Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды

Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабы 5 тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" жарлыққа қол қойды.  

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Еске салайық, бұған дейін Президент мәслихаттар сайлауы мерзімінен бұрын өтетінін жариялады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget