- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәрі ұқсайды" дейтін"....
"Бәрі ұқсайды" дейтін". Мақпал Жүнісова Арман Дүйсенов өзін анасындай көргенін айтты
Танымал өнер жұлдыздары "Төрлетіңіз" бағдарламасында сазгер, продюсер, тележүргізуші Арман Дүйсеновті еске алды. Әнші Мақпал Жүнісова Арман Дүйсенов өзін екінші анасындай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, сазгер оның көп қылығын, мінезін анасына ұқсатқан.
"Өнерлі адам болған, ол кісі де ән салған екен, театрда ойнаған кездері болған (Арман Дүйсеновтің анасының - еск.). Сондықтан "мінез жағыңыз да келеді, менің мамам сондай адам болатын" деп аңқылдап айтатын. Үйге келіп шай ішіп отырғанда ашылады ғой. Әңгіме айтқан кезде тарқылдап күлемін. Арман "о, тоба, о, тоба! Мына қылығыңыз - бәрі ұқсайды" дейді. "Анамды көргендей болып тұрмын, апатай" дейтін. Арманның арманы көп болды. Бұл өмірден кетемін деген ойы да болмады-ау", - деп еске алды Мақпал Жүнісова.
Еске салайық, биыл қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті.
"Тегін бере салатын". Композитор Арман Дүйсеновтің ел есіндегі танымал әндері
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова