Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кеткен болатын. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Ауруханаларда зардап шеккен 19 бала қалған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев мәлімдеді. Оның айтуынша, он науқас Бішкектегі ауруханада жатыр, олардың үшеуіне ота жасалған.
"Жағдайлары тұрақты, орташа ауыр. Төртеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бөлімшелерде. Джалал-Абадтағы ауруханада тоғыз бала емделіп жатыр, олардың бесеуінің жағдайы орташа, ал қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық, біреуі ауруханадан шығарылды. Жағдай бақылауда", - деді Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандағы Созақ ауданында концерт кезінде оқушыларды жүк көлігі қағып кеткені хабарланды.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, ауруханаларға 9-16 жас аралығындағы 29 бала жеткізілген. Ал кейінірек зардап шеккендер саны көбейгені белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!