БАҚ-та "Крокустағы" терактіге күдіктілерден жауап алу сәтінің видеосы тарады

Желіде "Крокус сити холлда" теракт жасады деген күдікпен ұсталғандардан жауап алу сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Олардың бірі 4 наурызда Түркиядан Ресейге ұшып келгенін мәлімдейді. Оның айтуынша, Түркияда оның "құжаттары аяқталып", шекарадан өткен.

Ұсталған ер адам бір ай бұрын куратор телеграм арқылы хабарласып, қару-жарақпен қамтамасыз еткенін айтады. Оған залдағы барлық адамды өлтіру тапсырылған және бұл үшін миллион рубльге жуық ақша ұсынған. Жартысы алдын ала картаға аударылған, қалғаны тапсырманы орындағаннан кейін уәде етілген. Ол қылмысты "уағызшының көмекшісімен" сөйлескеннен кейін жасағанын айтады.

Жарияланған кадрларда ол Фариддун Шамсутдин дегенге ұқсайтын аты-жөнін айтады, сондай-ақ туған күнін – 1998 жылы 17 қыркүйек.

Тағы бір күдікті тәжік тілінде сөйлейді, оның сөздерін камерадан тыс адам аударып тұр. Ұсталған адамның айтуынша, олар "Дмитровкада тасжол бойындағы" хостелде тұрған, көлік сатып алған, "такси жүргізушісі болып жұмыс істегісі келген".

Кейінірек телеграм-арналарда үшінші күдіктіден жауап алынған видео пайда болды. Ол қамауға алынғаннан кейін құлағын қауіпсіздік күштері кесіп алғаны айтылады. Ер адам есімін Раджаб Ализаде деп атаған. Одан сыбайластарымен бірге қаруды қайда тастағанын сұрағанда, ер адам нақты жауап бере алмады. Оның айтуынша, олар Брянск облысына қарусыз келген.

Қауіпсіздік күштері аудармашының көмегімен тағы бір күдіктіден жансақтау бөлімінде жауап алған. Видеода, алдын ала мәлімет бойынша, 19 жастағы Файзов Мухаммадсобир.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Артынша Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз