- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Атамекен" ҰКП экс-басшысы...
"Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты сот процесі басталды
"Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты сот процесі жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, былтыр 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұсталғаны хабарланған еді.
Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.
Мырзахметов Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатқаны хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина