"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді
Фото: tengrinews.kz

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.

"Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада. 

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан "Атамекен" одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек