Астанада белгісіз біреулер қар жауып жатқанына қарамастан сайлау учаскесіне жартылай жалаңаш келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер Насима Қорғанбекова Facebook-парақшасында айтты.
Блогердің сөзінше, оқиға Оқушылар сарайында, №137 учаскеде болған.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!