30 қарашада Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Өртке дейін хостел қандай болды? Хостел Әди Шәріпов көшесі ,86 мекен-жайында орналасқан, -деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
2Gis қосымшасындағы Almaty Hostel рейтингі жоғары болғанымен, өрттен кейін 4,3-ке дейін төмендеген.
Фотосуретке қарағанда бөлмеде екіқабатты кереуеттер болған.
"13 адам қайтыс болды. Адамдардың қандай жағдайда өмір сүргенін фотосуреттерге қарап біліңіздер: дәлізде тұрған кереуеттер, жертөле өте тар. Тіпті, терезелер де жоқ, бәрі тығыз орналасқан. Әрине, түтіннен шығып үлгеру мүмкін емес. Қайтыс болғандарға жаным ашыды. Мұндай орындарда жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізу керек. Мәселе хостелде емес, студенттердің тұратын жерінің жоқтығында", - деп жазды желі қолданушылары.
Оң пікірлер де бар, көбісі жатақхананы "жақсы" деп бағалаған.
Салынған фотосуреттерге қарағанда көп бөлмеде төсектер бір-біріне жақын орналасқан.
Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесі хостел болған. Яғни, шын мәнінде хостел тек бір қабатта және жертөледе орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді. Алматы Полиция департаменті өкілдері қаза тапқандар кімдер екенін мәлімдеді. Алматы әкімдігі хостелден шыққан өртке қатысты жаңа дерек айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!