- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әлемдегі ең бай...
Әлемдегі ең бай адам – 60 жаста
Бүгін, 28 қазан, бағдарламалық қамту саласында төңкеріс жасаған әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс 60 жасқа толу мерейтойын тойлап жатыр. «Өзінен нені жақсарта алатыны туралы сұраудан шаршамаған» Билл туралы қысқаша мәлімет бере кетейік.
Гарвард университеті Заң факультетінің студенті Билл Гейтс өзінің Пол Аллен есімді досымен біріге 1975 жылы Microsoft компаниясын құрады. Қазіргі таңда америкалық филантроптың есепшотында 79,3 миллиард АҚШ доллары бар.
АҚШ-тың Сиэтл қаласында (Вашингтон штаты) дүниеге келген Билл Гейтс бала кезінен математикалық амалдарды шешуге жүйрік болған. Ол 13 жасында алғаш бағдарламасын құрастырады. Ал 15 жасқа толған кезде көше кептелісін болдырмайтын бағдарлама жасайды. Бағдарламаны қала басшылығы 20 000 АҚШ долларына сатып алады.
Билл Гейтс компаниясы 1985 жылы Windows операциялық жүйесі таныстырылғаннан танымал бола бастайды. Дәл осы платформа 1990-жылдардағы компьютерлік төңкерістің негізгі қозғаушы күші болады.
2000 жылдың қаңтар айында Билл Гейтс Microsoft басшылығынан компанияның стратегиялық даму жобасына жауапты қызметке ауысады. Ол Windows бағдарламалық қамтуынын сапасы мен дизайнын жасқарту үшін көп еңбектенеді. Ал 2008 жылы компанияның атқарушы өкілдігінен кетеді. Билл қазіргі таңда Microsoft бас директоры Сатья Наделланың кеңесшісі қызметін атқарады.
Белсенді бизнестен алшақтай бастағаннан кейін Билді әлеуметтік мәселелер қызықтыра бастайды. 2000 жылы жұбайы Мелинда Гейтспен бірге қайырымдылық қорын құрады. Қазіргі таңда қордың активінде 41 миллиард АҚШ доллары бар. Сондай-ақ, Билл Гейтстің филантроптық қауымдастығына Уоррен Баффет ($62 миллиард) пен Марк Цукерберг ($40,3 миллиард) те кіреді.
Ж. Өрісбай