Билл Гейтс туралы қызықты деректер

Билл Гейтс туралы қызықты деректер

Компьютер мен Билл Гейтс құдды егіз ұғымдай. Иә, дүниежүзі білетін Microsoft компаниясының негізін қалап, бізді "терезелерге" қаратып отырған осы кісі емес пе? Заманауи компьютерлік технологиялардың дамығаны осы кісінің қажырлы еңбегінің арқасы емес пе? Гейтстің оқушыларға берген кеңестерін жазып өткен едік. Ал бүгін Гейтстің өзі туралы қызықты мәлеметтер шертеміз...

1. Гейтс жайлы жазылған кітаптың санында шек жоқ. Amazon.com сайтына Gates деп енгізсеңіз, оған байлынысты 137 мыңнан астам нәтиже тауып бере алады.

2. 13 жасқа енді толған Гейтс достарымен бірігіп, мектеп компьютерінің мәліметтеріне қол сұққан. Гейтсті жазалаудың орнына Сиетлдің компьютерлік орталығы балақайды жұмысқа алып, өз бағдарламаларын тексеруге тапсырма беріп отыратын.

3. Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған вундеркиндтің ата-анасы Биллды электронды машинаға бір жыл бойы жолатпаған. Бір жыл бойы атақты бағдарламашы ұлы адамдардың өмірбаяндарымен танысқан. Тарихи тұлғалардың ойлау қабілеті мен логикасы Биллге қатты ұнайтын.

4. Билл Гейтс ресми түрде Гарвард оқу орнын тастағандардың ішіндегі ең бақытты адам болып танылды, дегенмен, араға бірнеше жыл салғаннан кейін, Билл сонда да Гарвардты бітіріп, салтанатты түрде дипломын алды.

5. Қазіргі компаниясының атауын Гейтс алғашқыда "Micro Soft" деп жазған.

6. Оның арғы атасы заң шығарушы органда жұмыс істеп, қала мэрі болған, атасы - мемлекеттік банк президенті қызметін атқарған, ал әкесі адвокат болған.

7. 1968 жылы Лэксайд колледжінде алғашқы компьютерлер пайда болғанда, Гейтс күні-түні сол маңайдан кетпейтін. Оның оқу үлгерімі күрт нашарлап кеткені де сол себептен шығар.

8. Гарвардтағы оқу Гейтсті тез шаршатқандықтан, ол бос уақытында покер не бағдарламалар жазумен айналысқан.

9. Гейтс өзінің профессорларына 30-ға толмай миллионер болам деп айтқан екен.

10. 31-ге толған Гейтс - миллиардер!

11. Жыл сайын Гейтс жеке меншіктегі тұрғын үйлер мен көліктеріне салық ретінде бір миллион доллар көлемінде қаражат төлейді.

12. Өзінің алғашқы бағдарламасын Билл Гейтс мектеп қабырғасында оқып жүргенде жазып, қолданысқа енгізді.

Сурет: copypast.ru