"Актермін". Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Дәкебаевты сотқа бермейтінін айтты

Нұрболат Дәкебаев соққыға жыққан жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең алдымен Төреғали Берікқалиұлы оны "хайп" ұстап кетті дегендерге жауап берді. 

"Мен Тикток-қа видео түсіріп жүргеніме 1,5 жылдай болды. Төмендегі видеоларды қарасаңыздар түсінесіздер. Жедел жәрдем жүргізушісінен бөлек актермын. "Бір таяқ жеп алды, хайп ұстап кетті" деп қате ойламаңыздар. Мен еңбекпен, маңдай термен осындай дәрежеге жетіп келе жатқан адаммын. Мен соттатып (Нұрболат Дәкебаевты-еск.) ешқандай пайда көрейін деп жатқан жоқпын. Одан ешқандай рахат алмаймын. Бір ғана сөзбен айтайын, Алла бәрін кешіреді. Қандай қателік жасасаң да Алла кешіреді. Алланың қасында мен жай ғана құлмын", - дейді Төреғали Берікқалиұлы. 

@appaq.toresh

соттатып пайда таппайм!

♬ оригинальный звук - Әппәқ Төреш

"Қиянатым күн бермей жатыр өзіме". Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам кешірім сұрады

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Видео телеграм арналардың бірінде тараған болатын. Роликте ер адам жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, артынша соққыға жыққанын көруге болады. 

Артынша соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

Зардап шеккен Төреғали Берікқалиұлы Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімінде жатыр. Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленушінің жағдайы әлі де орташа ауыр.

Оның бас миы шайқалған, мұрын сүйектері сынған, кеуде қуысын және беттің жұмсақ тіндерін ауыртып алған.

Жәбірленуші өзін жайсыз сезінсе де, оқиғаның егжей-тегжейін айтып беруді жөн көріп, жанжалдың неден шыққаны туралы видео түсірген. Оның сөзінше, бейтаныс ер адамға жедел жәрдем көлігінің көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі алдында тұрғаны ұнамай қалған, бұл жерге дәрігерлер бригадасы шақырту бойынша келген.

"Кәдімгі жұмыс күні болатын. Түнде шамамен сағат 23:57-де 2-квартал, 30 бойынша қоңырау түсті. Біздің фельдшерлер шақырту бойынша жедел жетіп, бір жасар бала ауырып жатқандықтан үйге тез кіріп кетті. 4-5 минуттан кейін аға фельдшер шықты, ол планшетке шақырту бойынша мәліметтерді толтыра бастады. Бірнеше минуттан кейін көлік қатты теңселіп кетті, мен бүйірдегі айнаға қарадым, онда ешкім болмады. Сол жақтан қолында тумбочкасы бар жас жігітті байқадым. Ол боқтап жатыр. Оған мән бермедім, ал ол менің тереземе келіп балағаттай бастады. Мен оған шақырту бойынша келгенімді түсіндіріп көрдім. Ол әрі қарай кетіп қалды", - деді Төреғали Берікқалиұлы.

Алайда бейтаныс адам көп ұзамай қайтып келген. Ол қайтадан боқтық сөздер айта бастаған, содан кейін жүргізуші көліктен түскен, ал фельдшер оқиғаны видеоға түсіре бастаған.

Кейінірек күдікті Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланған еді. Қаладағы барлық сауда нысанына ер адамның суреттері ілінген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!