Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео телеграм арналардың бірінде тараған болатын. Роликте ер адам жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, артынша соққыға жыққанын көруге болады. 

Полиция қызметкерлерімен "жедел жәрдем" жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық ер адам анықталды.

"Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина