Танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот үкімі шыққаннан кейін араға біраз уақыт салып жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар жаңа күшпен оралғанын жеткізді.
"9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті, соттар, уайым. Отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен. Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді", - деп жазды олар.
Айта кетейік, танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылды.
Еске салайық, 2026 жылы 27 сәуірде Астанада блогерлерге сот үкімі шықты:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз