Алматыда 13 адам қаза тапқан Almaty Hostel қонақ үйіне қатысты іс қандай сатыда екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, қазіргі таңда өртке қатысты тергеу ісі аяқталған.
"Іс бойынша жәбірленуші 13 адам - ол қаза тапқан адамдардың туыстары. Қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін екі адам күдікке ілінді. Материалдармен танысу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен соттылығы бойынша сотқа жіберілетін болады", - деді прокуратура мамандары.
Еске салайық, былтыр 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ыдырысовтың айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адамды басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді. Алматы Полиция департаменті өкілдері қаза тапқандар кімдер екенін мәлімдеді. Алматы әкімдігі хостелден шыққан өртке қатысты жаңа дерек айтты.
Кейінірек қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 миллион теңге берілетіні белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!