Димаштың құрметіне шығарылған ұшақ алғашқы рейсінде Шанхайдан Пекинге ұшады

 Димаштың құрметіне шығарылған ұшақ алғашқы рейсінде Шанхайдан Пекинге ұшады
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне TianDao және "Eastern Airlines" компаниялары бірлесіп ұшақ шығарды. Бұл туралы осыған дейін әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлаған болатын. 

Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналады. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған еді. Ұшақ алғашқы рейсінде 23 тамыз күні Шанхайдан Пекин қаласына ұшады. 

Әнші 19 тамыз күні Бейжің қаласында "IQiYi Screaming Night" шарасында өнер көрсетті. Жақында ғана оның Вейбо әлеуметтік желісіндегі жазылушыларының саны 4 000 000-нан асты.

Ж. Жұмағұлов