"Оскар" марапатына ұсынылған әндер тізімі белгілі болды

"Оскар" марапатына ұсынылған әндер тізімі белгілі болды
Фото: vk.com

Америкалық киноакадемия биыл "Оскары" марапаты үшін таласқа түсетін 70 әннің тізімін жасады.

Сонымен, тізімді Тейлор Свифттің  I Don't Wanna Live Forever ("Fifty Shades Darker") әні, Мэрайи Кэридің The Star ("Guiding star") әні, Крис Корнеллдің The Promise ("The Promise") әні бастады. Естеріңізге сала кетейік, Крис Корнелл биыл бақилық болған еді. Егер оның әні марапатқа лайық деп табылса, "Оскар" оған өлгеннен кейін берілген атақ болады.

Сондай-ақ, лонг-листке Элвис Костелло ("Film Stars Don't Die in Liverpool"), Мэри Джей Блайдж ("Mudbound") бен Ник Джонас ("Ferdinand") композициялары енді.

А. Оралқызы