Аты аңызға айналған Пол Маккартни видеоблогер атанды

Аты аңызға айналған Пол Маккартни видеоблогер атанды
Фото: vk.com

Әлемге әйгілі Битлз тобының мүшесі сэр Пол Маккартни өзінің жаңа ермегі пайда болғанын хабарлады. Бұл жаңалық бірнеше буынның сүйікті музыканты туралы қосымша ақпарат беретін болғандықтан, көпшілік үшін тосын сыйға айналғаны шындық.

Соңғы кездері Пол Маккартни өзінің инстаграм парақшасына видео материалдар жүктейтін болып жүр. Заманауи видеоблогерлер қатарына қосылған музыкант соңғы рет Жаңа Зеландияға жасаған саяхатынан қызықты бейнероликтер жасады. Сонымен қоса, алда өтетін концерттері туралы ақпараттармен де бөлісті.

А. Оралқызы